Таразда Наурызнама онкүндігі аясында Тазару күніне орай бірқатар саябақтар мен көшелерде тазалық жұмыстары жүргізілді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Облыстық жастар ресурстық орталығының және «Жасыл ел» еріктілер жасағынан 50-ден аса жас жиналып, «Денсаулық» саябағындағы арық-атыздар мен жолдағы күл-қоқыстарды тазалады.
Айта кетейік, Жамбылда наурыз-сәуір айларына жоспарланған 10,9 мың тал ағаштарын отырғызу, 17 мың шаршы метр гүлзарлар мен 5,7 мың шаршы метр көгалдар орналастыру, 803,8 шақырым арық жүйелері мен каналдарды тазалау, 2 781 шақырым көше жолдарын, 668 140 шаршы метр саябақтар мен скверлердің аумақтарын тазалау, 5,0 мың тонна күл-қоқыс шығару жұмыстары кестеге сәйкес кезең-кезеңімен жүргізілді.