ТЖМ құтқарушылары 60 жуық адамды құтқарды және эвакуациялады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Бүгін Астаның Есіл ауданындағы көп қабатты тұрғын үйлердің бірінде 2 қабат пен 4 қабаттын аралығында электр сымдарының тұйықталып, өрттің шығуына себеп болған.
ТЖМ күшімен түтінді аймақтан автосатымен және үш иінді сатының көмегімен 13 адам, оның ішінде 6 бала құтқарылып, баспалдақ маршымен 45 адам, оның ішінде 12 бала эвакуацияланды. Өрт толығымен сөндірілді, шығу себебі анықталып жатыр.
Бұл ретте ТЖМ азаматтарға тұрмыстағы өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауды қаперге салады.