Астанада 20 автобус уақытша қозғалыс бағытын өзгертеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
City Transportation Systems компаниясының мәліметінше, 24 наурыздан бастап автобус бағыттарына енгізілетін өзгерістер негізінен LRT желісіндегі жұмысқа байланысты болып отыр.
LRT желісіндегі жұмыстарға байланысты 24 наурызда №12, 15, 15А, 19, 21, 24, 32, 35, 43, 46, 50, 55, 61, 70 бағыттардың қозғалысы уақытша өзгереді, — деп хабарлады компанияның баспасөз қызметі.
Сондай-ақ, жөндеу жұмыстарына байланысты № 5, 5А, 14, 505, 64, 73 бағыттардың қозғалысы да уақытша өзгертілді.