What are you looking for?

Еліміз бойынша су қоймаларындағы қазіргі ахуал қандай

24.03.2025

Су ресурстары және ирригация министрлігі тасқын суын қабылдау және қауіпсіз өткізу үшін еліміздің солтүстік, батыс, шығыс және орталық аймақтарындағы ірі су қоймаларынан су жіберіп жатыр, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Ақмола облысы

Астана су қоймасынан секундына 1,50 текше метр;

Сілеті су қоймасынан 150 текше метр;

Шағалалы су қоймасынан 0,5 текше метр су жіберілуде.

Ақтөбе облысы

Ақтөбе су қоймасынан секундына 10 текше метр;

Қарғалы су қоймасынан секундына 0,5 текше метрден су жіберілуде.

Былтыр реконструкция жасалған екі су қоймасы белсенді су жинап жатыр. Бүгінгі таңда екі нысан орта есеппен 64%-ға толы.

Шығыс Қазақстан облысы

Бұқтырма су қоймасынан секундына 605 текше метр;

Өскемен су қоймасынан 600 текше метр су жіберілуде.

Абай облысы

Шүлбі су қоймасынан секундына 657 текше метр су жіберілуде.

Батыс Қазақстан облысы

Киров су қоймасынан секундына 13,9;

Бітік су қоймасынан секундына 11,0 текше метр;

Дөңгелек және Пятимар су қоймаларынан секундына 8,5 текше метрден су жіберілуде.

Қарағанды облысы

Ынтымақ су қоймасынан секундына 15,6 текше метр;

Самарқанд су қоймасынан 15,8 текше метр;

Шерубай-Нұрадан 13,7 текше метр су жіберілуде.

Қостанай облысы

Жоғарғы Тобыл су қоймасынан секундына 1,1 текше метр;

Қаратомар су қоймасынан секундына 3 текше метрден су жіберілуде.

Солтүстік Қазақстан облысы

Сергеев су қоймасынан секундына 410,8 текше метр,

Петропавл су қоймасынан 56,98 текше метр су жіберілуде.

Social Link

Follow Me On Social Media