What are you looking for?

Экрем Имамоғлу қызметінен уақытша шеттетілді

24.03.2025

Елдің ішкі істер министрлігі тиісті шешім қабылдады.

Ыстанбұл мэрі Экрем Имамоғлу қаржылық қылмыстарды жасады деген күдікке ілініп, қамауға алынды. Сот терроризм бойынша айыптауларды қабылдаудан бас тартты. Қала басшысы қызметінен уақытша шеттетілді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Sözcü басылымының жазуынша, Түркияның ішкі істер министрлігі 23 наурыз күні Экрем Имамоғлудың Ыстанбұл мэрі қызметінен уақытша шеттетілгенін хабарлады.

Жақында Ыстанбұл муниципалитеті мэрдің міндетін уақытша атқаратын тұлғаны сайламақ. Имамоғлудан бөлек екі аудан әкімі де қызметінен уақытша босатылды.

"Бас прокуратура жүргізіп жатқан тергеулер аясында, кезекші судья Экрем Имамоғлуды қылмыстық ұйым құрды және оны басқарды, пара алды, бопсалаумен айналысты деген айыптаулар бойынша қамауға алу туралы шешім қабылдады", — делінген Түркияның Бас прокуратурасы таратқан хабарламада.

Айта кету керек, 19 наурыз күні жемқорлыққа қарсы операцияда Ыстанбұл мэрі Экрем Имамоғлуды қамауға алу туралы шешім қабылданғанын жазғанбыз. Ыстанбұлда қала әкімі ұсталғаннан кейін шерулер өткізуге тыйым салынды.

Social Link

Follow Me On Social Media