"Қазгидромет" дауылды ескерту жариялады.
Алматы қаласының төтенше жағдай департаменті қала тұрғындары мен қонақтарын таулы аймаққа шықпауға шақырды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Департамент "Қазгидрометтің" дауылды ескертуінің негізінде 24 наурызда Алматыда күндіз қатты жауын-шашын жауатынын хабарлады.
"Қалада найзағай күтіледі, сондай ақ солтүстік шығыстан солтүстік батысқа қарай жел соғып, жел екпіні секундына 18 метрге дейін жетеді. Қатты жауын-шашын немесе қатты жел туралы дауыл туралы ескерту жарияланған жағдайда, тіпті таулы аймаққа баруды кейінге қалдырған дұрыс", — делінген хабарламада.
ТЖД қала қонақтары мен туристеріне жеке қауіпсіздік шараларын сақтап, тауға шықпауға шақырды.