Бокстан Қазақстан ерлер құрамасының бапкерлер штабы Бразилияда өтетін Әлем кубогының бірінші кезеңіне қатысатын спортшыларды анықтады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
World Boxing ұйымының аясында өтетін турнирде еліміздің намысын келесі боксшылар қорғайды:
- 50 келіге дейін – Нұрзат Оңғарұлы
- 55 келіге дейін – Нұрсұлтан Алтынбек
- 60 келіге дейін – Талғат Сырымбетов
- 65 келіге дейін – Алмат Абдуәлі
- 70 келіге дейін – Дархан Дүйсебай
- 80 келіге дейін – Диас Молжігітов
- 85 келіге дейін – Дәулет Төлемісов
- 90 келіден жоғары – Даниял Сапарбай
Жарыс 30 наурыз бен 6 сәуір аралығында өтеді.