Түнде мегаполисте жаңбыр жауып, арты қарға ұласты.
Алматыда 2025 жылдың 25 наурызы күні таңнан бері қар жауып, ауарайы күрт суытты, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Айта кету керек, нөлден жоғары температураның әсерінен ақ үлпек жерге түсіп үлгермей еріп кетіп жатыр. Қардың шамалы жиналуын тек кейбір үйлер мен ғимараттардың төбесінде, сондай-ақ автокөліктерден көруге болады.
"Қазгидромет" РМК мәліметінше, Алматыда 25 және 27 наурызда жауын-шашын күтілуде. Ал 26 наурызда синоптиктер ауа райы жауын-шашынсыз болады деп уәде берді, бірақ түнде ауа температурасы -3°C дейін төмендейді:
25 наурыз: көшпелі бұлтты, түнде және таңертең жауын-шашын (жаңбыр, қар), тұман. Солтүстік-шығыстан 3-8 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде +1+3°C, күндіз +4+6°C.
26 наурыз: көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз, түнде және таңертең тұман. Солтүстік-шығыстан 3-8 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде -1-3°C, күндіз +5+7°C.
27 наурыз: көшпелі бұлт шығады, күндіз жаңбыр жауады, түнде және таңертең тұман түседі. Батыстан соғатын жел 3-8, екпіні 15-18 м/с. Ауа температурасы түнде 0+2°C, күндіз +7+9°C.
2025 жылдың 21 наурызында Алматыға 26 градус ыстықтан кейін күн суытып, қар жауатыны белгілі болды.