What are you looking for?

Александр Лукашенко жетінші рет Беларусь президентіне қызметіне кірісті

25.03.2025

Минсктегі Тәуелсіздік сарайында өткен инаугурация рәсімінде Александр Лукашенко ресми түрде Беларусь президенті қызметіне кірісті. Президенттің баспасөз қызметінің мәліметінше, шараға 1,1 мыңнан астам адам қатысты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Лукашенко ант қабылдағаннан кейін арнайы актіге қол қойды, ал Орталық сайлау комиссиясының төрағасы оған президенттік куәлікті табыс етті.

Жеңістің 80 жылдығы қарсаңында ел мен Беларусь халқына адал болуға ант беру – зор жауапкершілік. Бүгін бәріміз Отанға адал қызмет етуге серт береміз және ешкімге тарихымыздағы, өзіміз бен ата-бабаларымыздың еңбегін жоққа шығаруға жол бермейміз, – деді Лукашенко.

Беларусь президенттік сайлауы 2025 жылғы 26 қаңтарда өтті. Дауыс беру нәтижесінде көпшілік қазіргі президент Александр Лукашенконы қолдады.

Social Link

Follow Me On Social Media