Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті балабақша мен мектеп қабырғасынан бастап қалыптастыру қажет. Алматы облысының «Қоғамдық келісім және даму орталығы» ұйымдастырған алқалы жиында осы мәселе кеңінен талқыланды, деп хабарлайды 24kz.
Іс-шараға мемлекеттік органдар, қоғамдық ұйымдар мен жастар бірлестіктерінің өкілдері қатысып, құқықтық тәртіп пен қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жолдарын қызу талқылады. Талқылау барысында қоғамдық құрылымдардың өзара ықпалдасып, бірлесе жұмыс істеуі қажет екені аталып өтті.
Мақсат Сейдалиев, Іле аудандық ақсақалдар кеңесінің төрағасы:
- Біз адамдарымызды, қоғамның мүшелерінің келбетін, болмысын, философиясын түсініп, өзгертуіміз керек. Санасын өзгертуіміз керек. Сол сананы өзгерту тақырыбындағы осындай «адал еңбек, адал адам, адал табыс» тұжырымдамасын ұсынды еліміз. Ол үшін, адам өзгеруі үшін адамның мінезі, құлқы, құндылығы өзгеруі керек қой.