What are you looking for?

Мемлекет басшысы Кирилл Герасименконы абсолютті чемпион атағымен құттықтады

25.03.2025

Астаналық теннисші Кирилл Герасименко Қазақстан Республикасы президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың оны жеңісімен және Қазақстанның абсолютті чемпионы атағына ие болуымен құттықтағанын хабарлады. Бұл туралы Туризм және спорт министрлігіне сілтеме жасай отырып El.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Спортшы бұндай жоғары құрметтің алдағы жетістіктерге жігерлендіретінін атап өтіп, жанында болғандарға алғыс айтты.

Герасименко Алматыда өткен үстел теннисінен Қазақстан чемпионатында үш алтын медаль жеңіп алып, 2025 жылғы елдің абсолютті чемпионы атанды. Ол барлық бағдарламада үздік нәтиже көрсеткен болатын.

Мемлекет басшысы Кирилл Герасименконы абсолютті чемпион атағымен құттықтады

Social Link

Follow Me On Social Media