What are you looking for?

Ерлан Карин шетелдік гранттар туралы: Көбінесе бұл – бизнес

25.03.2025

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кеңесшісі Ерлан Карин кейбір қазақстандық белсенділер мен үкіметтік емес ұйымдардың (ҮЕҰ) шетелден алатын гранттары жайында пікір білдірді.

Ол бұл туралы Qogam News YouTube арнасында журналист Динара Сәтжан және саяси шолушы Әділ Сейфуллинмен сұхбат барысында айтты, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Сұхбат кезінде Карин ұзақ жылдар бойы шетелдік гранттар алып жүрген ҮЕҰ мен азаматтық белсенділер туралы сұраққа жауап берді.

“Кейбір ұйымдар мен адамдар белгілі бір мәселелерді өздерінің табыс көзіне айналдырған. Тіпті, олар сол проблемалардың шешілмеуіне мүдделі болуы мүмкін, өйткені бұл оларға қаржылық және психологиялық тұрғыдан тиімді”, – деді Мемлекеттік кеңесші.

Сондай-ақ, Ерлан Карин мұндай белсенділер мен ҮЕҰ өкілдерінің Қазақстанда болып жатқан оң өзгерістер туралы айтуға ынталы емес екенін атап өтті.

Social Link

Follow Me On Social Media