ІІ Елизаветаның немересі, Йорк ханшайымы Евгения 35 жылдық мерейтойында ұлдарымен бірге түскен суретін жариялады , деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
People басылымының мәліметінше, ханшайым туған күнін 23 наурызда төрт жасар Август пен екі жасар Эрнест есімді ұлдарымен атап өткен.
Туған күндегі ең жақсы достар, – деп жазды ол.
Ханшайым Евгения – бүгінде әлеуметтік желілерде белсенділік танытатын британдық корольдік отбасының санаулы мүшелерінің бірі. Ол өз парақшасында жеке, кәсіби және қайырымдылық қызметіне қатысты жаңалықтарды бөліседі.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Публикация от Princess Eugenie (@princesseugenie)