What are you looking for?

Қайтарылған активтер: Ақмола облысының 10 ауылында медициналық нысандар салынады

25.03.2025

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, Үкімет елге қайтарылған заңсыз иемденілген активтер есебінен әлеуметтік маңызы бар инфрақұрылым салу жөніндегі жобаларды жүзеге асырып келеді .

Облыстың бірқатар ауылында жаңа фельдшерлік-акушерлік пункттер (ФАП) мен дәрігерлік амбулаториялар құрылысын аяқтау жұмыстарына Арнаулы мемлекеттік қордан 1,7 млрд теңге бөлу туралы шешім қабылданды.

Барлығы 4 дәрігерлік амбулатория, 5 фельдшерлік-акушерлік пункт және 1 медициналық пункт салынады. Әр ауысымда 405 науқасты қабылдай алатын дәрігерлік нысандар ауылдық жерлерде халықтың сапалы медициналық көмекке қолжетімділігін едәуір жақсартуға мүмкіндік береді.

Дәрігерлік амбулаториялар Ақмола облысының келесі ауылдарында:

– Аршалы ауданы Арнасай ауылында,

– Астрахан ауданындағы Ескі Қалқұтан ауылында,

– Жарқайың ауданы Пятигорское ауылында,

Целиноград ауданы Жаңа Есіл ауылында бой көтереді.

Сондай-ақ:

– Жақсы ауданының Киров ауылында,

– Целиноград ауданы Жарлыкөл ауылында,

– Бұланды ауданының Партизанка ауылында,

– Бұланды ауданы Алтынды ауылында,

– Шортанды ауданының Пригородное ауылында ФАП-тар салынады.

Целиноград ауданының Шалқар ауылында медициналық пункт пайдалануға беріледі.

Social Link

Follow Me On Social Media