Анкара билігі 1 сәуірге дейін көшеде жиындар мен наразылық акцияларын өткізуге тыйым салды, деп хабарлайды 24kz.
Сондай-ақ қол жинау, үнпарақтар таратып, баннерлер ілуге рұқсат жоқ.
Бұған дейін Ыстамбұл мен Измирде де осындай талап күшіне енген. Алайда соған қарамастан мұнда шу басылмай тұр. Оған өткен аптада Ыстамбұл мэрінің қамауға алынуы себеп. Ол жемқорлыққа барып, лаңкестік ұйымдарға қолдау көрсетті деген күдікке ілінген. Оппозициялық саясаткерді қолдау мақсатында жұрт әлі жаппай ереуілге шығып жатыр. Осыған байланысты мыңнан аса адам қамауға алынған.