What are you looking for?

Украина мен Ресей арасындағы ішінара келісім: тараптар шабуылдарды тоқтатуға келісті

26.03.2025

Украина мен Ресей арасындағы ұзаққа созылған келіссөздер алғашқы нәтижесін берді.

АҚШ әкімшілігі бұл жаңалықпен бөлісіп, келісімді Украина президенті Владимир Зеленский де қолдады. Кремль де мәміленің жасалғанын ресми растады, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Сауд Арабиясында өткен бейбіт келіссөздер екі күнге созылды. Алдымен АҚШ делегациясы Ресей өкілдерімен кездесіп, 12 сағатқа жалғасқан келіссөздер жүргізді. Келесі күні дәл осындай кездесу Украина тарапымен өтті.

Келісім бойынша екі ел энергетикалық нысандарға шабуыл жасамауға келісті. Олардың қатарына мұнай өңдеу зауыттары, шикізат тасымалдаушы құбырлар, су, электр және атом станциялары енді.

Уақытша мораторий 18 наурыздан бастап 30 күнге күшіне енеді. Бұл мерзім ішінде теңіздегі шабуылдар да тоқтауы тиіс.

Өз кезегінде Ресей билігі Қара теңіздегі тасымалды қалпына келтіріп, аграрлық өнімдер мен тыңайтқыштарды экспорттауға рұқсат беруді талап етті. Бұл міндеттемені орындау АҚШ-қа жүктелді. Вашингтон жақын арада Ресейге салынған кейбір санкцияларды жеңілдетуге уәде берді.

Social Link

Follow Me On Social Media