Мейрамбек Беспаев кино әлеміне бет бұрғысы келіп жүргенін мәлімдеді .
Бұл туралы ол әлеуметтік желідегі парақшасында жазды, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.
«Қазіргі кездері «кино» түсіргім кеп жүр. Қолымнан келеді деп ойлаймын. Фильмге жақсы сценарий болса бірге жұмыс істеуге дайынмын. Күзге дейін қабылдаймыз. Қай жанрда түсірейік? Ойларыңызды жазыңыздар. «Енді сен қалып ең кино түсірмеген»- дейтін достар әлі бастаған жоқпын уайымдамаңыздар!», — деп жазды өнер иесі.
Әншінің өнердегі әріптестері мен оқырмандары киноға түрлі тақырып ұсынып, оның бұл бастамасына қатысты өз ойларын жазуда.
«Досым, Естай туралы түсіру керек», «Бозторғай деп жетім балалар туралы түсірсең жарады», «Музарт туралы түсіріңіз», «Сонда кино түсіріп, әншіліктен біржолата кетесіз бе», «Комедия керек емес, тарихи кино түсіріңіз», «Сізсіз де кино түсіріп жүргендер жетеді ғой, сахнаны тастайсыз ба», «Өзбекәлі Жәнібеков туралы кино түсіру керек», «Қазақ тарихы туралы бір жақсы кино жоқ, сол тақырыпта түсіріңіз», — деп жазды олар.