Алматыда АҚШ консулдығы салынады, — деп хабарлайды Massaget .kz тілшісі.
Мәжіліс депутаттары Алматы қаласында АҚШ консулдық мекемесін салу үшін АҚШ үкіметіне жер телімін жалға беру туралы Қазақстан-Америка үкіметаралық келісімін ратификациялады. Құжатқа 2024 жылғы 27 қыркүйекте Нью-Йорк қаласында қол қойылған. Шарттың ережелері жер учаскесін беру тәртібі мен шарттарын анықтайды. Оның ауданы – 70593 шаршы метр, жалдау мерзімі – 49 жыл.
Жалдау ақысы — 25,3 миллион АҚШ доллары және келісім енгізілген күннен бастап күнтізбелік 30 (отыз) күн ішінде бірыңғай төлеммен төленетін болады.
Келісімге сәйкес АҚШ үкіметі жер учаскесі мен консулдық ғимаратына салықтар мен басқа төлемдерді төлеуден босатылады.
"АҚШ үкіметі консулдық ғимаратының құрылысына байланысты коммуналдық қызметтерді Қазақстанда қолданыстағы нормативтер мен тарифтерге сәйкес төлей отырып, ғимаратты күтіп-ұстауға және жөндеуге жұмсалған шығынды төлеуге міндеттеледі. Ғимаратты салу және жабдықтау үшін АҚШ-та өндірілген материалдарды, жабдықтар мен тауарларды пайдалана алатын АҚШ мердігері бас мердігер болады. Олар кедендік төлемдерден, импорт салықтарынан және рұқсат алу талаптарынан босатылады", — деп жазылған хабарламада.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!