What are you looking for?

Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы Лихтенштейннен басым түсті

26.03.2025

Өткен түнде футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы сырт алаңда Лихтенштейнді 2: 0 есебімен жеңді, деп жазады Egemen .kz.

Құраманың бас бапкері Әли Әлиев ойын басында Сейсен, Вороговский, Быстров, Әліп, Марочкин, Астанов, Жуков, Оразов, Самородов, Чесноков, Сәтбаевты алаңға шығарды.

Кездесу Лихтенштейннің Вадус қаласындағы «Райнпарк» стадионында өтті.

2026 жылы өтетін әлем чемпионатына іріктеу кезеңінің екінші ойынында ұлттық құрама сапынан 42 минутта алғашқы голды М. Сомородов соқты. 1 тайм аяқталатын 45 минутта отандастарымыз есепті 2: 0-ге жеткізді. Екінші голдың авторы — А. Морочкин.

Енді ұлттық құрама келесі ойынын 9 маусымда өз алаңында Солтүстік Македонияға қарсы өткізеді.

Social Link

Follow Me On Social Media