What are you looking for?

Түркия мен АҚШ қарым-қатынасы оңала бастады

26.03.2025

Елдегі ішкі жағдайдың күрделілігіне қарамастан Түркия сыртқы саясатты бекемдеуге басымдық беріп отыр, деп хабарлайды 24kz.

Бүгін Түркияның Сыртқы істер министрі Вашингтонға барды. Хакан Фидан АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы Марко Рубиомен кездесті. Екі жақ Түркияны санкция құрсауынан босату, F-35 жойғыш ұшағының жабдықтарын жіберуді қалпына келтіру жайын талқылады. Бұған дейін Реджеп Тайип Ердоған билігі Ресейден С-400 зениттік зымыран кешенін сатып алып, АҚШ-тың шамына тиген соң келісім бұзылған еді. Америка мен Түркия байланысы Джо Байденнің тұсында әлсіреді. АҚШ-тың бұрынғы басшысы Ердоған мен Путин қарым-қатынасын сынайтын. Тараптардың стратегиялық келіссөзі мемлекеттік департамент ғимаратында өтті. Кездесуде жаһандағы саяси ахуал талқыланды. Соның ішінде Украинадағы қарулы қақтығыс та сөз болған көрінеді. Мемлекттік хатшы Марко Рубио Түркияны Украинада бейбітшілік орнатуға бағытталған іс-шараларды қолдауға шақырды.

Social Link

Follow Me On Social Media