What are you looking for?

Тәртіпсіз ел болмайды - тәртіпке бағынған құл болмайды

26.03.2025

Кез-келген мемлекеттің тірегі мен оның басты байлығы халық екені баршаға аян.

Бүгінгі күнде азаматтар арасындағы қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету құқтық нормативтік ережелерді сақтау ел бірлігі үшін аса маңызды болып отыр.

Ата-заңды қабылдаған 30 жыл ішінде қарапайым ел азаматтарының өмірінің қауіпсіздігін сақтау және оңтайландыру бағытында мемлекет бірнеше ауқымды шараларды іске асырды. Атап айтар болсақ "Қарызсыз қоғам" Адалдық алаңы" секілді бірнеше әлеуметтік-саяси маңызы бар ілкімді істер қолға алынып, бүгінгі таңда қоғам арасында өз жемісін беруде.

Аталған жобалардың мақсаты халық арасындағы моральдық және нарықтық қатынастарды реттеу болып табылады.

Заңы қатаң сақталған халқы моральдық этикалық нормаларға мүлтіксіз бас иген елдің түтіні түзу ұшып,керегесі кеңейетіні беседен белгілі жәйт. Осы бағытта мемлекет пен халық бір жұдырықтай жұмылып белсенді әрекет етуі тиіс.

Батыр Бауыржан Момышұлы айтқандай "Тәртіпсіз ел-болмайды,тәртіпке бағынған құл болмайды"

Мемлекет бекіткен ата-заң мен ондағы жазылған әрбір ережелер қоғамда барлық қалыптасқан жағдайлардың аспектілерінен айқын көрініс беруі тис.

Сонда ғана елдің ішін дау, сыртын жау алмасы ақиқат.

С.Танирбергенов,

Түркістан облысының Әділет департаментінің бас маманы

Social Link

Follow Me On Social Media