What are you looking for?

Түркиядағы тәртіпсіздіктер: Зардап шеккендердің арасында қазақстандықтар бар ма?

26.03.2025

Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Ақан Рахметуллин Түркиядағы жаппай наразылықтар кезінде Қазақстан азаматтарының зардап шеккені туралы ақпарат жоқ екенін мәлімдеді, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Оның айтуынша, қазақстандық дипломатиялық өкілдіктер жағдайды жіті бақылауда ұстап отыр.

"Бастысы – біздің азаматтарымыз аман. Бұл – СІМ, Анкарадағы елшілік пен Бас консулдықтардың үйлесімді жұмысының нәтижесі. Біз Ыстанбұл, Измир және Анталиядағы консулдықтарымыз арқылы да тұрақты ақпарат беріп отырмыз. Қақтығыстар басталған сәттен бастап туристер мен студенттерге наразылық орындарынан аулақ болуды ескерттік", – деді Ақан Рахметуллин.

Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі азаматтарға сақтық шараларын ұстануға кеңес береді.

"Түркияға баруға қатысты нақты тыйым жоқ, бірақ жеке пікірім – қазіргі тұрақсыз жағдайды ескере отырып, сапарды кейінге қалдырған жөн", – деп атап өтті дипломат.

Еске салсақ, 19 наурызда Ыстанбұлдың Бас прокуратурасы қала мэрі Экрем Имамоғлына қатысты қылмыстық іс қозғап, оның ұсталғанын хабарлады. Оппозициялық саясаткер өзіне тағылған айыптарды жоққа шығарып, күресті жалғастыратынын мәлімдеді. Бұл жағдай Түркияның бірнеше қаласында жаппай наразылықтарға ұласқан. Осыған байланысты билік қауіпсіздік шараларын күшейтіп, жексенбіге дейін барлық митингтер мен демонстрацияларға тыйым салды.

Social Link

Follow Me On Social Media