What are you looking for?

Киноға бөлінетін қаржының 30%-ы «Қазақфильмге» бағытталады

26.03.2025

Президент қол қойған жаңа заңға сәйкес ,

елімізде фильмдерді қаржыландырудың 30 пайызы жыл сайын тікелей Қазақфильмге бағытталады. Бұл киностудия жұмысының тиімділігі мен қаржылық тұрақтылығын арттырады. Мәдениет және ақпарат министрі өз әлеуметтік парақшасында осылай деп жазды. Аида Балаева кейінгі уақытта қоғамда қызу талқыға түсіп жатқан киностудия жайлы сұрақтарға жауап берді. Алдымен «Қазақфильмге» тиесілі жерлер киностудия иелігінде қалатынын айтып, оны Астанаға көшіру жаңсақ ақпарат екенін мәлімдеді. Сондай-ақ министрлік инвесторлармен жұмыс істеуге дайын екенін алға тартты. Қазір демеушілерді тартудың арқасында киностудияда соңғы 15 жылда жүргізілмеген жөндеу жұмыстары басталды. Бұл инфрақұрылымды жаңғыртудың алғашқы кезеңі. Сондай-ақ мемлекеттік қолдауға ие болатын киножобаларды іріктеудің жаңа ережелері бекітілді. Биыл жаңа ережелер бойынша конкурс екінші рет өткізіліп отыр.

Social Link

Follow Me On Social Media