What are you looking for?

Батыста мұнай ұңғымасынан өрт шықты

07.03.2025

Батыста мұнай ұңғымасынан өрт шықты, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"Ембімұнайгаз" АҚ мәліметінше, төтенше жағдай 6 наурызда "Жылыоймұнайгаз" МГӨБ Батыс Прорва кен орнының 437-ұңғымасында болған.

"Перфорациядан кейін сорғы-компрессорлық құбырды түсіру кезінде газ пайда болды", — деп жазылған хабарламада.

Оқиға салдарынан құрбандар мен зардап шеккендер жоқ.

ЕМГ жедел штабы шұғыл шаралар қабылдаған: ұңғыманың айналасы қоршалған, қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Оқиға орнында "Ақ Берен" ЖШС, "Семсер — Өрт сөндіруші" ЖШС, "СОП Атырау" ЖШС мобильді күзет есептері іске қосылған.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

Social Link

Follow Me On Social Media