What are you looking for?

«Ауыл аманаты» және «Ауыл - ел бесігі» бағдарламалары біріктіріледі

26.03.2025

Ауылдық аймақтарды кешенді дамытуға арналған «Ауыл аманаты» және «Ауыл — ел бесігі» бағдарламалары енді біріктіріледі. Мұны Ұлттық экономика вице-министрі Бауыржан Омарбеков мәлімдеді. Аталған жоба даму әлеуеті бар деген ауылдарда жүзеге асады. Осылайша, келешегі жарқын ауылдардың инфрақұрылымдық дамуына, оларға шағын несие беруге және оның өндірістік қуатын арттыруға баса назар аударылады. Тіпті «Ауыл аманаты» аясында жергілікті шаруалардың өнімін сақтайтын және логистикалық шығынын азайтатын шағын индустриялық аймақ құрылады. Соңғы мәліметке сай, бүгінде елде 6 мың 179 ауылдық елді мекен бар. Онда 7,5 миллион адам тұрады. Ауылды дамытуға арналған нәтижелі жобаның тағы бірі «Дипломмен ауылға» деді вице-министр.

Бауыржан Омарбеков, ҚР Ұлттық экономика вице-министрі:

-2024 жылы 3,7 мың маманға тұрғын үй сатып алуға 30 млрд теңге көлемінде қаржы бөлінді. Ағымдағы жылы 2,8 мыңнан аса маманға 25 млрд теңге көлемінде бюджеттік кредит беру жоспарлануда. Жүргізілген талдауға сəйкес, мамандардың 95% 3 жыл жұмыс атқару міндеттемесін орындап, ары қарай сол ауылдарда жұмысын жалғастыруда.

Social Link

Follow Me On Social Media