What are you looking for?

Қытай өз компанияларын АҚШ-тың қысымынан қорғауға дайын

27.03.2025

АҚШ 70 ұйымға қарсы жаңа шектеулер енгізген .

Бейжің Вашингтонды қытайлық компанияларға қысым жасауда тоқтатуға және экономикалық мәселелерді саясиландырмауға шақырып отыр, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты eadaily-ге сілтеме жасап.

Қытайдың сыртқы істер министрлігінің өкілі Го Цзякунь АҚШ Сауда министрлігінің санкциялар тізімін кеңейту туралы шешіміне пікір білдірді.

"Қытай АҚШ-ты ұлттық қауіпсіздік түсінігін жалпылауды, саясиландыруды тоқтатуға, сауда-экономикалық және технологиялық мәселелерді қару ретінде қолдануды тоқтатуға, сонымен қатар қытайлық компанияларды санкциялық тізімдер арқылы негізсіз басып тастауды доғаруға шақырады", — деді дипломат.

Го Цзякуньнің сөзінше, Қытай өз компанияларының заңды құқықтары мен мүдделерін қорғау үшін қажетті шараларды қабылдайды.

Осыған дейін АҚШ Сауда министрлігінің 70 ұйымға қарсы жаңа шектеулер енгізгені туралы хабарланған. Олардың арасында Қытайдың (42), Пәкістанның (19), Біріккен Араб Әмірліктерінің (4), Оңтүстік Африка Республикасының (3), Иранның (2) компаниялары бар.

Social Link

Follow Me On Social Media