What are you looking for?

Әйелдер күресінен Азия чемпионаты: қыздарымыздың қарсыластары анықталды

27.03.2025

27 наурызда Иорданияның астанасы Амманда өтіп жатқан Азия чемпионатында әйелдер күресінен жарыстар басталады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Қазақстандық балуандардың жарыстың алғашқы күніндегі қарсыластары белгілі болды:

- 50 келі, ширек финал: Светлана Анкичева — Ю Лин (Қытайлық Тайбэй) немесе Ти Донг (Вьетнам)

- 53 келі, іріктеу: Зейнеп Баянова — Сон Ён Парк (Оңтүстік Корея)

- 55 келі, ширек финал: Зулфия Яхьярова — Отгонтуи Маянмух (Моңғолия) немесе Ёрим Ли (Оңтүстік Корея)

- 57 келі, іріктеу: Нилуфар Раимова — Нехой Шарма (Үндістан)

- 59 келі, ширек финал: Гүлдана Бекеш — Сарбиназ Жиенбаева (Өзбекстан) немесе Пиол Хон (Солтүстік Корея)

- 62 келі, іріктеу: Тыныс Дүбек — Маниша (Үндістан)

- 65 келі, іріктеу: Гауһар Мұқатай — Дю Тон Лаи (Вьетнам)

- 68 келі, ширек финал: Ирина Казюлина — Зелу Ли (Қытай)

- 72 келі, ширек финал: Жәмилә Бақбергенова — Сехи Ким (Оңтүстік Корея)

- 76 келі, ширек финал: Эльмира Сыздықова — Ми Янг Ким (Солтүстік Корея)

Айта кетейік, жарыстар Астана уақытымен сағат 13:30-де басталады.

Social Link

Follow Me On Social Media