What are you looking for?

Елімізде 13,6 мыңға жуық шетелдік жұмыс істейді

27.03.2025

1 наурыздағы жағдай бойынша жергілікті атқарушы органдардың рұқсатымен ел аумағында 13 584 шетел азаматы еңбек етеді , деп хабарлайды Egemen.kz.

Айта кетейік, бүгінде елімізде шетел жұмыс күшін пайдаланатын 1 744 жұмыс беруші бар, олардың қатарында 377,6 мыңнан астам қазақстандық азамат еңбек етеді. Бұл жұмысшылар жалпы қызметкерлер санының 96,5%-ын құрайды.

«Шетел жұмыс күшін (бұдан әрі – ШЖК) тартуға рұқсаттардың арасында мынадай санаттар бар: басшылар мен олардың орынбасарлары үшін 569 рұқсат (бірінші санат), құрылымдық бөлімшелердің басшылары үшін 2 514 рұқсат (екінші санат). Тартылған ШЖК негізгі бөлігі үшінші (мамандар) және төртінші (білікті жұмысшылар) санаттарға жатады – тиісінше олар 4 711 және 1 010 адам. Сондай-ақ маусымдық жұмыстарға 1 217 адам, ал корпоративтік ауыстыру аясында 3 563 адам тартылды», деп хабарлады Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.

Шетел жұмыс күшін ең көп экономикалық салалар құрылыс, ауыл шаруашылығы, өңдеу өнеркәсібі және тау-кен өнеркәсібі тартады. Еңбек мигранттары негізінен Қытайдан (4 945 адам), Үндістаннан (1 169 адам), Түркиядан (1 165 адам) және Өзбекстаннан (1 056 адам) келеді.

Social Link

Follow Me On Social Media