Шымкентте есірткі тасымалдап жүрген курьер ұсталды. Бұл туралы Ішкі істер министрлігі хабарлады.
25 жастағы ер адам заңсыз интернет-дүкенде тауарды ораушы және жеткізуші болып жұмыс істеген. Одан бір келіге жуық есірткі тәркіленді. Күдікті қазір уақытша ұстау изоляторында қамауда отыр. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр, делінген ведомство хабарламасында.