Спорттағы дін мәселесін реттейтін «Жол картасы» қалай іске асырылатынын Туризм және спорт вице-министрі Серік Жарасбаев түсіндірді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы
Вице-министрдің айтуынша, бұл бағыттағы негізгі жұмыс – профилактикалық түсіндіру шараларын жүргізу.
Біз бет-әлпетке байланысты емес, радикалды діни ағымдарға бармаудың алдын алу мақсатында үгіт-насихат жұмыстарын жүргіземіз. Бұл үшін «Жол картасы» аясында Мәдениет және ақпарат министрлігінің Дін комитетінен теолог мамандар тартылуда. Қазір бұл шаралар спорттық федерацияларға енгізілді. Егер қандай да бір күдік тудыратын нақты белгілер байқалса, міндетті түрде тиісті органдарға хабар беріледі, – деді Серік Жарасбаев.
Министрлік бұл бағыттағы жұмыстарды күшейтіп, спорт саласындағы қауіпсіздікті қамтамасыз етуді жалғастыратынын атап өтті.