Павлодар облысы прокуратурасының үйлестіруімен Ресейдің Красноярск өлкесінің Шарыпово қаласында Қазақстан азаматы ұсталды, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Ол бизнестегі серіктесін өлтіргені үшін күдікті деп танылған.
Прокуратура күдіктіні Қазақстан Республикасына экстрадициялау үшін жұмыс істеп жатыр.
Қылмыстың мән-жайы
Айта кетейік, бұл оқиға биыл ақпанда болды. Полиция қызметкерлері жедел іздестіру кезінде Павлодар қаласындағы үйлердің бірінің ауласынан кәсіпкердің мәйітін тапты. Кісі өлтіру дерегі бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы бойынша алдын ала тергеу басталды.
Бұл қылмыс үшін 15 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз