What are you looking for?

Досаев: Алматыдағы жолдардың кепілдік мерзімі ұзартылады

27.03.2025

Тың өзгеріс мердігерлердің жауапкершілігін күшейтуге, жұмыс сапасын одан ары арттыруға бағытталған.

Жаңадан төселген жолдың кепілдік мерзімі 5 жылдан 7 жылға дейін ұзартылады. Бұл туралы Алматы әкімі Ерболат Досаевтың төрағалығымен өткен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі қалалық комиссияның кеңейтілген отырысында мәлім болды, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Тың өзгеріс мердігерлердің жауапкершілігін күшейтуге, жұмыс сапасын одан ары арттыруға бағытталып отыр. Жиынға қатысушылар орташа жөндеуден өткен жолға берілетін кепілдік мерзімі 3 жылдан 5 жылға дейін ұзартылатынын да жеткізді.

Бұдан бөлек кездесуде тағы екі мәселе қаралды. Комплаенс мамандарын дайындайтын бағдарламаның әзірленіп жатқаны және парақорлықтың алдын алу үшін мемлекеттік қызметкерлерді оқыту жұмысы жалғасатыны сөз болды.

"Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс қызметінің институты 2-3 жылдың төңірегінде ашылды. Енді бұлар квазимемлекеттік мекемелердің ішінде ашылып жатыр. Әкімнің тапсырмасы бойынша комплаенс қызметкерлерінің деңгейін арттыру мақсатында олардың дайындығын, тәжірибе алмасу жұмыстарын күшейтуге тапсырма берілді", – деп хабарлайды ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің департамент басшысы Арман Рахымов.

Social Link

Follow Me On Social Media