What are you looking for?

Түркияда тағы бір курорттық қонақ үй өртенді (ВИДЕО)

27.03.2025

Түркияның Бурса провинциясында Улудаг тау шаңғысы курортындағы қонақүй өртеніп, бірнеше адам құтқарылды. Оқыс оқиға кезінде опат болғандар да бар. Қазіргі уақытта өрт толықтай сөндірілген. Бұл туралы CNN Turk арнасы хабарлады, деп жазады Skifnews.kz ақпарат порталы.

Тілсіз жау биылғы жылдың қаңтарында туристік қызметке жарамсыз болғандықтан жабылған қонақүйде болған. Қонақүй сертификатының мерзімі өтіп кеткен, ал оның бизнес лицензиясын муниципалитет ұзартпаған.

Бурса муниципалитетінің мэрі Мұстафа Бозбей телеарнаға тікелей эфирде өрт сөндірушілердің оқиға орнына дереу жеткенін айтты. Сұхбат кезінде ол төрт адамның құтқарылғанын, сондай-ақ бір өлім туралы хабарлады.

Sabah басылымы қаза тапқандар саны 2 адамға жеткенін мәлімдеді.

– Төтенше жағдай салдарынан шаңғышы Беркін Уста мен оның әкесі, Түркия шаңғы және сноуборд мұғалімдері қауымдастығының президенті болған Яхья Уста қайтыс болды. Беркін ұстаның анасы Фикрие Уста ес-түссіз ауруханаға жеткізілді, — деп хабарлады басылым.

Өрт кезінде ғимаратта 12 адам болған. Яхья Ұста мен оның ұлы Беркіннің қайтыс болғанын басқа да БАҚ көздері растады.

Қазіргі уақытта өрт туралы хабарлама сағат 05:29-да түскені, тез арада қызыл жалын сөндіріліп, оқиға орнында 25 техника мен 60 адам жұмыс істегені белгілі болды.

Uludağ’da işletme belgesi olmadığı için kapatılan otelde çıkan ve ekiplerin müdahalesiyle kontrol altına alınan yangına ilişkin son gelişmeler ⤵️

• 2 kişi hayatını kaybetti

• Bursa Cumhuriyet Başsavcılığınca bilirkişi oluşturulması talimatı verildi

• Olay yerine savcı… pic.twitter.com/nArji4IaE1

— Anadolu Ajansı (@anadoluajansi) March 27, 2025

Social Link

Follow Me On Social Media