Алматыда жұртты қарызға белшеден батырған алты бірдей шағын қаржы ұйымының ісі әшкере болды. Олардың әрекетінен 30 миллиард теңге көлемінде шығын келген.
Қаржылық мониторинг агенттігінің хабарлауынша, төлемін кешіктірген қарыз алушыларды серіктестермен кепілдік шарттар жасауға мәжбүрлеген. Бұл қызмет үшін әуелгі несие көлемінен бірнеше есе асып түсетін төлемдер алынған. Қазір қаржы ұйымдарының басшыларына қатысты тергеу жүріп жатыр.
Ернар Тайжан, ҚР Қаржылық мониторинг агенттігінің ресми өкілі:
- «Creditum» МҚҰ, «Sofi Finance» МҚҰ, «Hava Finance» МҚҰ, «SF Offline» МҚҰ, «POS Credit» МҚҰ, «Сәлем Кредит» МҚҰ басшылығына қатысты алаяқтық және заңсыз кәсіпкерлік қызмет бойынша тергеу амалдары жүргізілуде. Төлем мерзімін кешіктірген қарыз алушыларды «KOKE.KZ», «TENGO.KZ», «HAVA.KZ» платформалары арқылы серіктес компаниялармен кепілдік шарттарын жасасуға мәжбүрлеген. Бұл ретте кепіл берушінің жауапкершілігі тек қарыз алушы қайтыс болған жағдайда ғана күшіне енген. Бұл қызмет бойынша бастапқы несие сомасынан бірнеше есе көп төлемдер өндіріліп, салдарынан азаматтар қарызға батқан.