0:00:00
0:00:00Жаңалықтарды Telegram арнамыздан оқыңыз !
АҚШ Ресейдің талабына көніп, оған қарсы санкцияларды алып тастамайды деп үміттенемін. Парижде журналистерге сұхбат берген Украина президенті осылай деді. Зеленский Франция астанасына Украинаны қолдаушылар коалициясының саммитіне қатысу үшін барды. Президент Эммануэль Макрон ұйымдастырған жиын бірер сағат бұрын аяқталды. Саммит барысында Ресейге қарсы санкцияларды алып тастауға әлі ерте екені айтылды. Бұған дейін АҚШ Мәскеу мен Киевтің Қара теңізде атысты тоқтатуға келіскенін хабарлаған еді. Алайда Кремльдің сөзінше, ол уағдаластық Ресейдің ауылшаруашылығы өнімдері мен тыңайтқыштары санкциялардан босатылғанда ғана күшіне енеді. Зеленскийдің мәлімдеуінше, екіжақты келісімде мұндай шарт көрсетілмеген. Ал АҚШ президенті Дональд Трамп болса, Ресейге қарсы кейбір шектеулерді жеңілдету мәселесін қарастырып жатқанын мәлімдеді.
Арай Төлегенқызы
Related items