5 сәуір күні Ақтауда Каспий теңізінің жағалауында "Ақтау — Түркі әлемінің астанасы" шарасының ашылу салтанаты өтеді деп жоспарланғанын еске саламыз.
Желіде шараның бағдарламасы жарияланып, оған сәйкес гала-концертте танымал әнші Димаш Құдайбергеннің өнер көрсетуі мүмкін екендігі айтылды, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Сондай-ақ, "Kalifarniya" тобы, Мирбек Атабеков хедлайнер ретінде өнер көрсетеді деп жоспарлануда. Бағдарламада әзербайжандық әнші Роза Зергерли мен әйгілі "Ялла" тобы да бар.
Алайда, Маңғыстау облысының Мәдениет, тілдерді дамыту және мұрағаттар басқармасы бұл ақпараттың әлі ресми түрде расталмағанын хабарлады.
— "Ақтау — Түркі әлемінің мәдени астанасы" іс-шараларының ресми бағдарламасы әзірге нақтылануда, — деп атап өтілген хабарламада.