What are you looking for?

Анкарада студенттердің ереуілі полициямен қақтығысқа ұласты

27.03.2025

Түркияда жаппай ереуілдердің басылатын түрі жоқ, деп хабарлайды 24kz.

Бұл жолы наразылық акциясына Анкарадағы студенттер қатысқан. Бірақ митинг соңы полицейлермен қақтығысқа ұласты. Тәртіп сақшылары жиылған жұртты тарату үшін резеңке оқ, көз жасаурататын газ бен суатқыштар қолданған. Өткен аптада Ыстамбұл мэрі болған Экрем Имамоғлұ жемқорлыққа барды және лаңкестік ұйымға қолдау бірдірді деген күдікке ілініп, қызметінен шеттетілген еді. Қазір ол қамауда отыр. Оппозициялық саясаткердің тұтқындалуы елде жаппай ереуілдерге түрткі болды. Тәртіпсіздіктерге байланысты Түркияда бір жарым мыңға жуық адам қамауға алынған.

Social Link

Follow Me On Social Media