What are you looking for?

Еуропаның әскері Украинаға жіберілсе, ҰҚШҰ қандай позицияны ұстанбақ?

07.03.2025

Осы уақытқа дейін Еуропаның бітімгер әскері Украинада ресми түрде орналаспаған .

Еуропалық бітімгер әскерді Украинаға жіберун аймақтағы жағдайды қиындатып жіберуі мүмкін. Бұл туралы Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымының бас хатшысы Иманғали Тасмағамбетов айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты Известия басылымына сілтеме жасап.

Иманғали Тасмағамбетовтің сөзінше, ҰҚШҰ Еуропадағы ахуалды мұқият бақылап отыр.

"Еуропа астаналарында Украинада бітімгер әскерді орналастыру мүмкіндігі бірінші рет талқыланып жатқан жоқ. Бірақ та, осы уақытқа дейін бұл контингенттер ол жақта орналаспады. Себебі, бұл аймақтың деңгейде қауіпті жағдай туғызуы мүмкін. Сонымен қатар экономика мен әлеуметтік саладағы негатив құбылыстардан қажыған Еуропа халқы өз үкіметтерінің мұндай шешімін қолдай қоймас. Өйткені, бұл қоғамның мойнына қосымша ауыртпалық түсіреді. Мұндай қауіп-қатерлер туындай қалса, ҰҚШҰ ұйымның жарғылық құжаттарында көзделген және барлық мүше мемлекеттер мақұлдаған жағдайда көмектің түрлі нұсқаларын ұсынуға дайын болады", — деді ҰҚШҰ бас хатшысы.

Social Link

Follow Me On Social Media