Ыстанбұл мэрі Экрем Имамоғлуды қолдау мақсатында басталған шерулер бүгінге дейін жалғасып жатыр.
Түркияда өткен бір апта бойы жалғасқан наразылық шеруінде 1879 адам қамауға алынды, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Елдегі басты оппозициялық партияның жетекшісі наразылықтар кезектен тыс президенттік сайлау өткенге дейін жалғасатынын мәлімдеді.
Президент Режеп Тайып Ердоған бұл әрекеттерді арандату ретінде бағалап, ел ішінде дүрбелең туғызғандардың заң алдында жауап беретінін ескертіп өтті.
Қамауға алынғандардың басым бөлігі полицияға қарсы күш көрсеткендер. Қазіргі уақытта 662 адамның ісі сотта қаралуда, 260 адам процесс аяқталуын күтіп отыр, ал 489 адам босатылған. Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, наразылықтар кезінде 150 тәртіп сақшысы жарақат алды.
Түркияда жаппай митинг өткізуге салынған тыйым 1 сәуірге дейін ұзартылды.