Бұл туралы ҚазАвтоЖол баспасөз қызметі хабарлады .
Жамбыл облысының аумағында болған жер сілкінісі туралы келіп түскен ақпаратқа байланысты жолшылар ықтималды әсер ету аймағындағы инфрақұрылымның жай-күйін шұғыл тексеріп шықты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
"Меркі және Тұрар Рысқұлов аудандарындағы 5 жол айрығы, 2 теміржол өтпесі мен 3 көпір егжей-тегжейлі тексеріліп, көлік қозғалысының қауіпсіздігіне көз жеткізілді", - делінген хабарламада.
Айта кетелік Жамбыл облысындағы жер сілкінісі болып, Тұрар Рысқұлов ауданы Қарақыстақ ауылындағы мәдениет үйі, Меркі аудандық ауруханасы, Ойтал ауылындағы мектеп ғимаратының қабырғасында жарықшақ пайда болғаны анықталған еді.