Ұлыбритания королі Карл III 27 наурызда ауруханаға түсті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі .
Дәрігерлер монархтың жағдайын «қатерлі ісікті емдеудің уақытша жанама әсерлері» деп түсіндірді. The Guardian басылымының мәліметінше, 76 жастағы патша жоспарлы ем-шарадан өткен.
Жүргізілген процедуралардан кейін король Лондондағы Кларенс-хаус резиденциясына оралған. Алайда жұмаға жоспарланған, төрт ресми шараны қамтитын Бирмингемге жұмыс сапары бас күнге шегерілді.