What are you looking for?

Ұлытауда мыңдаған ақбөкен қырылды

28.03.2025

Ұлытау облысында ақбөкендер жаппай қырылды. Өңір әкімдігі өкілдері жағдайға пікір білдірді, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бұған дейін желіде Кеңгір су қоймасында өлген ақбөкендердің жүздеген өлексесі көрінетін қорқынышты видео тарады.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от @ulytau_oblysy

Облыс әкімдігі мәліметінше, ақбөкендер қысқы ауа райынан және бұралқы иттердің шабуылынан қырылған.

"Жүргізілген жұмыстар нәтижесінде Жезқазған қаласының шетінен 660-тан аса ақбөкен ұшасы және Қаражал қаласы аумағынан 2342 ақбөкен ұшасы табылып, жойылды. Ұлытау облысы бойынша ОШжЖД аумақтық инспекция қызметкерлері, "Охотзоопром ӨБ" РМҚК инспекторлық құрамы, ТЖД және Жезқазған қалалық әкімдігінің қызметкерлері бірлескен түрде ұшаларды мал қорымына тастады. Ол үшін алты арнайы техника жұмылдырылды", — деп жазылған хабарламада.

Өлекселер арнайы мал қорымдарында жойылған. Қыста өлген киік ұшаларын жинау жұмысы әлі де жалғасып жатыр.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

Social Link

Follow Me On Social Media