What are you looking for?

Дональд Трамп Ақ үйде ауызашар берді

28.03.2025

АҚШ Президенті Дональд Трамп Ақ үйде ауызашар ұйымдастырып, 2024 жылғы президенттік сайлауда өзін қолдаған «жүздеген мың американдықтарға» алғыс айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

АҚШ Президенті ауызашарға Сауд Арабиясы, Мысыр, БАӘ, Қатар, Ливан, Пәкістан және басқа да елдердің өкілдері қатысқанын атап өтті.

Сонымен қатар Дональд Трамп Мичиган штатында тұратын мұсылмандарға ерекше алғыс айтып, өз әкімшілігінің оларға әрдайым қолдау көрсететінін жеткізген. Сондай-ақ ол бұдан да жарқын әрі үмітті болашаққа қол жеткізу үшін мұсылмандармен жұмыс істеуді асыға күтетінін мәлімдеген.

Social Link

Follow Me On Social Media