What are you looking for?

Біріккен Ұлттар Ұйымына 80 жыл

05.03.2025

Сыртқы істер министрлігінің Алматы қаласындағы Өкілдігі және БҰҰ-ның Қазақстандағы Тұрақты өкілдігі «UN Plaza» ғимаратында «Бейбітшілік пен даму жолындағы ынтымақтастық: Қазақстанның БҰҰ-ға мүше болғанына 33 жыл» атты БҰҰ-ның 80 жылдығына арналған ғылыми-практикалық конференция өткізді.

Іс-шараға дипломатиялық корпустың өкілдері, БҰҰ агенттіктерінің басшылары, ғылыми орта өкілдері және халықаралық қатынастар факультеттерінің студенттері қатысты.

Өз сөзінде Ж.Әбдрашов қатысушыларды Қазақстан Республикасының БҰҰ-ға мүше болғанына 33 жыл толуымен құттықтады. Биыл бұл дата БҰҰ-ның 80 жылдығымен тұспа-тұс келіп отыр. Сондай-ақ Ұйымның халықаралық қоғамдастықпен жемісті ынтымақтастығы аясында күрделі жаһандық сын-қатерлерді шешудегі жетістіктерін атап өтіп, Қазақстанның осы жылдар ішінде жүзеге асырған сыртқы саяси бастамаларына назар аударды.

Конференция барысында қатысушылар БҰҰ-ның халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі, адам құқықтары мен тұрақты дамуды ілгерілетудегі рөлін атап өтті.

Social Link

Follow Me On Social Media