«ҚазАвтоЖол» бүгінгі сағат 08:30 жағдай бойынша 7 облыстағы 7 республикалық маңызы бар автожолдарда көлік қозғалысына шектеу қойылғанын мәлім қылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ақмола облысы: - «Астана-Қарағанда-Алматы» автожолының 1291-1353 шақ., ( Жібек Жолы ақы алу пунктінен Қарағанды облысының шекарасына дейін).
Абай облысы: - «Алматы-Талдықорған-Өскемен-Шемонаиха-РФ шекарасы» автожолының 971-1013 шақырым аралығы (Қалбатау ауылы-Шығыс Қазақстан облысы шекарасы).
Атырау облысы: - «Атырау-Орал» автожолының 5-62 шақырымы, (Атырау қаласы — Махамбет ауылы дейін).
Шығыс Қазақстан облысы: - «Алматы-Талдықорған-Өскемен-Шемонаиха-РФ шекарасы» автожолының 1013-1048 шақырым аралығы (Абай облысы шекарасы-Ұлан ауылына бұрылыс).
Қарағанды облысы: «Астана-Қарағанды-Алматы» автожолы: — 1353-1426 шақ., Ақмола облысының шекарасынан Теміртау ақы алу пунктіне дейін. — 1610-1855 шақ., Ақсу-Аюлы ауылынан Балқаш қаласына дейін. — 1505-1610 шақырымы, Атамекен ауылынан Ақсу-Аюлы ауылына дейін.
Қостанай облысы: - «Жезқазған-Арқалық-Петропавл» автожолының 252-340 шақырымы, (Ұлытау облысының шекарасынан Арқалық қаласына дейін).
Ұлытау облысы: «Жезқазған-Арқалық-Петропавл» автожолы: — 137-252 км, Ұлытау ауылы — Қостанай облысының шекарасы. — 37-137 км, Сәтбаев қаласы — Ұлытау ауылы.
Қазіргі уақытта республикалық жолдарды күтіп-ұстауға 803 арнайы техника мен 1859 маман жұмылдырылды.
Related items