What are you looking for?

Астанада есірткі таратқан ер адам ұсталды

28.03.2025

Астанада есірткі таратқан ер адам ұсталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Астана қаласы ПД экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері жедел іс-шаралар барысында деструктивті діни ағымның жақтаушысын ұстады. Алдын ала мәліметтер бойынша, ол есірткіні қолданумен, сақтаумен және таратумен айналысқан. Тұрғылықты жерін тінту барысында одан шегуге арналған құрылғы, 30 діни кітап және діни мақсаттағы бұйымдар табылды.

Белгілі болғандай, ер адам қаладағы қонақүйлердің бірінде жұмыс істеген және сол жерде де тыйым салынған заттарды таратқан. Күдікті бұрын бірнеше рет сотталған. Қазіргі уақытта ол уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу жүргізілуде.

Social Link

Follow Me On Social Media