What are you looking for?

Қытайда жер сілкінді

28.03.2025

Қытайда да жер сілкінді. Зілзала елдің оңтүстік-батыс бөлігінде тіркелді. Қытай сейсмологиялық орталығының мәліметіне сай магнитудасы 7,9 балдық жерасты дүмпуі 30 шақырым тереңдікте болды.

Тербеліс 300 шақырымдай жерде орналасқан қала мен елді мекендерде қатты сезілген. Олардың ішінеде Юньнань провинциясының орталығы Куньмин шаһары мен Сишуанбаньна, Дэхун-Дай, Цзинпо сияқты бірқатар автономдық округ бар. Салдарынан биік ғимараттардың қабырғалары шытынап бүлінген. Төбеден құлаған қирандылар көліктер мен коммерциялық нысандарды тас талқан етті. Бірқатар ауданның халқы қауіпсіз жерге шығарылды.

Social Link

Follow Me On Social Media