What are you looking for?

«Қазгидромет»: Елде 25 градусқа дейін күн жылынады

28.03.2025

Елде 25 градусқа дейін күн жылынады. «Қазгидромет» синоптиктері алдағы үш күнге осындай болжам жасап отыр. Солтүстік, шығыс және орталық өңірлерде күн шуақты, әрі ашық болады. Батыс пен оңтүстікте атмосфералық фронттардың әсерінен тұрақсыз ауа райы сақталады. Жаңбыр жауады, ал оңтүстіктің және оңтүстік-шығыстың таулы аймағында жаңбыр аралас қар жаууы мүмкін. Тұман мен желдің күшеюі де болжанып отыр. Елдің оңтүстік-батысында шаңды дауыл болуы мүмкін.

Social Link

Follow Me On Social Media