0:00:00
0:00:00Жаңалықтарды Telegram арнамыздан оқыңыз !
Отандық стартап тіс емханаларының автоматтандыру процесін жеңілдетіп жатыр. Бұл өнімнің көмегімен дәрігерлер пациенттерге кешенді емдеу жоспарын тез арада құрып береді. Бұл қандай жоба? Ерекшелігі не? Толығырақ бейнематериалдан көріңіз.
Қазақстандық мамандар жасап шыққан CRM жүйе тіс емханалары мен клиникаларда сұранысқа ие. Себебі қызмет көрсетуді цифрландырып отыр. Жүйе дәрігерлерге пациент жазбасын жүргізіп, кешенді емдеу жоспарын құруға көмектеседі.
Мақпал Ораққызы, компанияның негізін қалаушы:
Біздің жүйеміз мемлекеттік базамен интеграция жасалынған. 06:00 ИИН арқылы толығымен пациенттің негізгі қажетті ақпараты шығады, сонымен қатар бізде ДСМ бекіткен форма арқылы жұмыс жасалынады. Ішіндегі протоколдар, лечении, формалар, отчетность барлығы ол мемлекеттік талапқа сай келеді.
Кішігірім стартап жұмысын 2018 жылы бастаған. Қазір үлкен компания. Замануи жүйені ел бойынша 22 қаладығы әр бесінші клиника қолданады. Дәрігерлердің айтуынша бұл кәсіптің менеджментін де жеңілдетеді.
Альфия Хасенова, жеке тіс емханасының басшысы:
Бұрында енді бәрін қағазбен санадық қой. Қолмен, ручкамен отырып санадық. Енді қазір бұл программа келгелі подсчет, закуп, расход материала дейміз, соның бәрін біздер деген сол жүйемен қолданып отырмыз. Бәрін санап береді. Өте жеңілдеді жұмыс.
Санат Қапышев, компанияның техникалық директоры:
Біздің платформамызда мамандардың еңбекақысын ашық әрі әділ есептеуге, сондай-ақ қойма есебін жүргізуге болады. Қазір біздің жүйеге 1000-нан астам клиника қосылған. Күніне шамамен 100 000 жазба тіркеледі.
Компания Қазақстаннан бөлек көршілес Өзбекстан, Қырғызстан және Ресей нарығына да шыққан. Шетелде кеңсе ашу жоспарда бар. Ал, жүйе жұмысын жетілдіре түспек.
Темірлан Нұржанұлы