What are you looking for?

Михаил Шайдоров әлем чемпионатын сәтті бастады

28.03.2025

Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы АҚШ-тың Бостон қаласында өтіп жатқан біріншілікте жүлдеге біртабан жақындай түсті. Михаил қысқа бағдарламада 94,77 ұпай жинап, үшінші орынға орналасты. Алғашқы жарыс күні АҚШ спортшысы Илья Малинин топ бастады. Оның еншісінде 110,41 ұпай бар. Екінші орынға Жапониялық Юма Кагияма жайғасты. Мәнерлеп сырғанаудан ерлер арасындағы жекелей сынның шешуші сайысы 30 наурызда өтеді.

Қанат Базылхан

Social Link

Follow Me On Social Media